Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Кушетка сатушысы” тұрғынды алдап кетті

Алаяқтар Петропавл тұрғынының картасынан кушеткаға төлем жасауға уәде беріп, ірі соманы жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Халыққа банк карталарының деректерін, банк терминалдарындағы чектердің фотосуреттерін үшінші адамға беруге тыйым салынатынын тағы да үлкен әріптермен жазып жеткізіңіздер…” – бүгін Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев криминалдық полиция басшылығына осындай нұсқау берді. Алдын алудың келесі кезеңінің себебі бүгінгі мәліметтердегі екі факті болды…

Петропавл қаласының тұрғыны алаяқтардың тағы бір құрбанына айналды, ол “ОLX”-ке кушетка сататыны жайлы жарнама берген. Оның жарнамасына сатып алушылар табылып, оған ақша аудару үшін алдымен картаның нөмірін сұраған, содан кейін телефон арқылы нұсқау беріп, жақын маңдағы банкоматқа баруды өтініп, терминалдан түбіртектің фотосуретін жіберуді сұраған. Бірдеңе дұрыс емес екенін сезген әйел банк менеджеріне жүгінгенде, ол картадағы ақшаның үлкен сомасын аударым арқылы алынғанын айтқан. Ол жалған сатып алушыларға қайта қоңырау шалған кезде, телефон сөніп тұрған. Апта сайын Криминалдық полиция басқармасы адамдарға профилактикалық ақпарат беріп тұрады. Алаяқтық құрбандарының көбісі оқығанын және білгендерін мойындайды… Қазіргі уақытта қылмысты ашу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін Петропавл қ. Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері танысынан банк картасының есеп шот нөмірін алдап алып алған келесі бір интернет-алаяқты анықтады. Біраз уақыттан соң шағын несие ұйымынан азаматқа қоңырау шалып, атына несие ресімделгені жөнінде хабарлаған… Бірінші полиция бөліміне жүгінгеннен кейін жедел уәкілдер 1998 жылы туған күдіктіні анықтады. Ол биылғы жылы дәл осындай жолмен өз туысының атына несие ресімдеген екен.

– Алаяқтардың барлық түрлері азаматтардың аңғалдықтарын пайдаланады. Қандай жағдай болмаса да, жеке басы және қаржысы туралы ақпартты бөтен адамдарға беруге болмайды. Оларға: жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН, төлем карточкаларының деректемелері жатады. Күдік туындаған жағдайда бірден банк бөлімшесіне немес call-орталығына хабарласу қажет. Дегемен интернет-алаяқтардың құрығына түссеңіз, шұғыл полицияға жүгінген жөн, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру