Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Трактор аударылып, механизатор көз жұмды

СҚО-да “К-700” тракторының аударылуы нәтижесінде 43 жастағы механизатор қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тайынша ауданының Қарағаш ауылында абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу фактісі тіркелді.

Тамыздың 24-і Тайынша ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарағаш ауылының шетінде орналасқан ЖШС шөп үйетін аумағында сағат 17 шамасында “К-700” тракторының жүргізушісі аударылып қалғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орына шыққан жедел-тергеу қызметкерлері механизатордың сүрлем сақтайтын қамбада ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізіп жатқан кезінде аударылып, кабинасына төңкеріліп тұрып қалғаны анықталды. Трактордың кабинасын ашу барысында 43 жастағы жүргізушінің алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру