Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазалы тұрғындарынан атыс қару, травмат және екі суық қару анықталды

Қызылорда облысы көлемінде өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен біршама жұмыстар атқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында  учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция және ювеналды полиция тобымен барлығы 106 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Мысалы, алкогольді масаң күйде көлік жүргізген екі жүргізуші ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 200-бабымен Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың екі дерегі анықталды.

Күдік келтірген автокөліктерді тексеру барысында сақтауға және алып жүруге тыйым салынған екі суық қару, травмат және атыс қаруы  анықталды.

Сонымен қатар, есепте тұрған 78 адам тексерілді. Учаскелік полиция инспекторларымен көпқабатты  үйлердің аулалары және тұрғын үй жайлар араланып, тұрғындарға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жедел –профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру