Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда көлік иесіне қайтарылды

Полицейлер Екібастұз тұрғының мотокөлігін қайтаруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жолда қабылдау» акциясын өткізу кезінде полиция қызметкерлеріне Екібастұз қаласының тұрғыны «RACER» мотокөлігін қайтару мәселесі бойынша жүгінді.

Мотокөлік Екібастұз қаласының ТКШ арнайы тұрағында екені анықталды. Аталған мотокөліктің құжаттары Екібастұз қаласындағы гараж қоғамдарының бірінде орналасқан гаражында өрт кезінде басқа машинасында жанып кеткен.

Жоғарыда аталған мотокөлік 2019 жылғы 22 мамырда иесі ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандықтан, арнайы тұраққа қойылған. Іс материалдарын зерделеп, полицейлер мотокөлікті иесіне қайтаруға көмек көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру