Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ интернет арқылы есірткі өткізу және жарнамалағаны үшін жүзден аса қылмыстық іс қозғады

Осы жылдың басынан бастап  интернет арқылы есірткі өткізудің 100 астам дерегінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі жарнамасы мен насихаттау деректері бойынша 56 қылмыстықіс қозғалды.Бұл туралы  Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті хабарлайды.  ІІМ мамандары: соңғы айларда біздің республикамыздың аумағында есірткі лабораторияларының пайда бола бастағандығы жайлы   қауіпті тенденция туралы айтуда.  Егер бұрын әңгіме шетелден елге әкелінетін есірткінің таралуы жайлы болса, қазіргі  күнде оларды өздігінен өндіру әрекеттері бар.  

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығының орынбасары  Илья Канцеров сондай-ақ есірткі саудагерлерін анықтаудағы қиындықтар туралы айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының аумағында есірткі өткізуде пайдаланылатын интернет платформа көп жағдайда шетелде орналасуы мүмкін.

ІІМ қызметкерлері «Кибернадзор» ақпараттық жүйесінің көмегімен Интернет жүйесінің ұлттық сегментінде есірткі жарнамасы мен өткізу деректерін, сондай-ақ құқыққа қайшы басқа да контенттерді анықтайды.

Жыл басынан бері есірткі құралдар мен психотропты заттардың таратылуы туралы ақпараты бар 700-ден астам сайт, аккаунт және басқа да ресурстар анықталып, бұғатталды.    

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында заңнамаға ақпараттық технологиялардың қолданылуымен жасалатын есірткі айналымы саласындағы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін түзетулер қабылданды. Олар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылды.

Ақпараттық жүйелер арқылы есірткі өткізгені үшін (мүлкін  тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру); есірткі тұтынуға тартқаны үшін (үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру); есірткі дайындау үшін пайдаланылатын заттардың заңсыз айналымы үшін (жеті жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру) жауапкершілік енгізілді. Қылмыстық кодекске есірткі насихаттау мен  жарнамалау үшін жаза көздейтін жаңа бап енгізілді (үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру).  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру