Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Азаматтарға тиімді болу үшін полицейлер акцияны тағы бір күнге жалғастырды

Ай сайын республика көлемінде азаматтармен кері байланысқа түсу мақсатында ұйымдастырылып жүрген «Жолда қабылдау» акциясы 26-27 тамыз аралығында өткізіліп, 29-тамыз яғни үшінші күнге жалғасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері карантин талаптарын сақтай отырып, армениялық көліктерді уақытылы тіркеп үлгеру мақсатында облыс тұрғындарын қабылдады.

Сенбі күні сағат 09.00-ден бастап, кешкі сағат 19.00-ге дейін ұйымдастырылған акция «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының» алдында өтті. Облыстың тәртіп сақшылары ауа-райының құбылып, қолайсыздық тудырғанына қарамастан ашық аспан астында тұрғындарды қабылдауын тоқтатпады.

Акцияға келгендерге жеке-жеке кеңестер мен қойылған сұрақтарына жауаптар берілді. Бұдан басқа, телефон байланысы арқылы да, әлеуметтік желілердегі онлайн-қарым-қатынас арқылы да жедел желі жұмысы ұйымдастырылды. Акция аясында ниет білдірушілер көлік құралдарын тіркеу, Әкімшілік айыппұлдарды төлеу тәртібі, жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша қажетті кеңестерді алды.

Айта кететін жайт, облыс көлемінде 2 күн ішінде 700-ден астам азамат қабылданса, бүгінгі 1 күндік қорытындымен 150-ге жуық тұрғын полицейлердің көмегіне жүгінді.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында тіркеуге сай келетін сол жақ рульді 330 армениялық көлік бар болса, оның тіркелмей қалғаны – 5. Сондай-ақ ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес армениялық көліктердің басқару рулі оң жақтан сол жаққа ауыстырылып қайта жабдықталып тіркеуден өтуіне болады. Бұл шара 1 қарашаға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру