21 жасқа толмаған тұрғынға ішімдік сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды
Полиция қызметкерлері 21 жасқа толмаған сатып алушыға ішімдік сатқан сатушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ АПБ-не Түркістан облысы Бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес карантин режимін бұзу жайттарын анықтау бойынша іс-шаралар кезінде бірнеше құқықбұзушылық орын алды. Атап айтсақ Шолаққорған ауылындағы дүкендердің бірінен 21 жасқа толмаған азаматқа алкогольді ішімдіктің үш бөтелкесін сатқаны анықталды. Қазіргі таңда сатушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабы (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша іс қозғалып,сотқа жолданды.
Одан бөлек шілде айының 20-нан бері ҚР ӘҚБтК 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 177, 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 142 құқық бұзушылық тіркелген.
Өз кезегінде облыс полицейлері індеттің таралуын болдырмау үшін, сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.