Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Заң алдында бәрі тең»: павлодарлық полицейлер 90 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Ертіс өңірінің полицейлері тұрақты негізде құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Биылғы жылдың сегіз айында азаматтарға қатысты 90 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық қозғалды, 74 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды. Тағы 24 мың тәртіп бұзушыға ескерту жасалды, – деп түсіндірді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арыстан Дүйсембаев.

Рекордсмендер – жылдамдық режимін бұзған жүргізушілер, 13 мыңға жуық жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Абаттандыру ережелерін бұзған азаматтар саны – 5 666. Көшбасшылар үштігіне «қызу» әуесқойлар да кірді, қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 5 600 азамат жазаға тартылды. Облыстың тағы үш мың тұрғыны иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзып, екі мыңнан астам азаматтың тыныштығын бұзды.

Павлодар облысы бойынша қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салудың 1972 бұзушылығы, ұсақ бұзақылық 800-ден астам фактісі тіркелді.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер тарапынан төрт мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелген.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға кез-келген құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарамауға шақырады. Аулада, тұраққа қойылған көліктердің жанында жүрген күдікті адамдарға назар аударылсын. Егер олардың әрекеттері Сізге күдік тудыратын болса, дереу «102» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру