СҚО-да рейд барысында екі «КамАЗ» – автобетонараластырғыш көліктері тарапынан жасалған бұзушылықтар үшін 10 әкімшілік хаттама толтырылды
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері тарапынан жасалатын бұзушылықтарды ескерту бойынша рейдтерді жандандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жұмыс облыстық көліктік бақылау инспекциясымен өзара тығыз іс-әрекетте жүргізілуде.
Ведомстволардың екеуі де жолдың сақтығы үшін және жүк тасымалдау саласында тәртіп орнатумен күреседі.
Қызылжар ауданында полицейлердің көліктік бақылау қызметкерлерімен бірлесе «Жезқазған-Петропавл» автожолын патрульдеуі барысында екі ауыр жүк көлігінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. «КамАЗ» автокөліктері Петропавл-Подгорное бағыты бойынша бетон тасымалдап жүрген. Тексеріс барысында екі жағдай бойынша да салмақ параметрлері бұзылғаны, жүкқұжаттары, жолдама парақтары болмағаны, рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпегені анықталды. Оның үстіне, автотасымалдау өзге мемлекетте тіркелген көлікпен жүзеге асырылған. Нәтижесінде тасымалдаушыға қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылды.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың сөзінше, автокөлік жүргізушілері мен жолаушылардың, велосипедшілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі жолдың жағдайына тікелей байланысты. Ауыр жүк көліктерінің бекітілген стандарттарды бұзуынан жаңа төселген тас жолдар тез бүлінеді. Барлық мүдделі ведомстволардың тараптарынан ұдайы профилактикалық жұмыстар жүргізілген жағдайда ғана жолдарды сақтап қалу мүмкін болады.
Жыл басынан, СҚО Полиция департаменті және СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясымен қол қойылған автожолдардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлескен 60-қа тарта рейд өткізілді.