Мекемеде жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеме бастығы Руслан Алимовтың төрағалығымен жүргізілген кездесуге мекеменің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері, заң кеңесшісі және жеке кәсіпкер қатысты.
Кездесу барысында сотталғандарға жұмыс беруші жеке кәсіпкерлерге «infokazakhstan.kz» сайты арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алу, жұмыс обьектілерінде санитарлық нормалардың сақталу тәртібі және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабы түсіндірілді.
– Еңбек – бас бостандығынан айырылғандарды тәрбиелеудің, қоғамға әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін маңызды әдіс. Сондықтан, жеке кәсіпкерлермен арнайы келісім шарт негізінде тығыз жұмыс атқарудамыз. Қазіргі таңда карантин талаптарының жеңілдетілуіне байланысты жұмыспен қамтылған сотталғандар, бүгіннен бастап жұмыс орындарына қосылды. Бүгінгі кездесуде жеке кәсіпкерлер тарапынан жаңа жұмыс көздері ұсынылып, жұмыссыз жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мәселесі қаралды. Мекемедегі сотталған азаматтар «Алтай-Транс-Ойл» ЖШС, «Интегрострой» ЖШС-не, «Бек и Компания» ТС-не газоблок, кірпіш өнімдерін шығаратын, құрылыс жұмыстарымен айналысатын жеке кәсіпкерлерге жұмысқа орналастырылған. Келіссөз барысында жұмыссыз сотталғандарды жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамту мәселесі қаралды, – деді мекеме бастығы Руслан Алимов.