Түркістан облысының полицейлері заңсыз жүк артып алған жүргізушіні анықтады
Түркістан облысының полицейлері заңсыз жүк артып алған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған видео полицияның назарына ілікті. Онда «ГАЗ» маркалы автокөлік жүк артуға рұқсаты болмаса да, заңсыз үстіне өте көп мөлшерде құрылыс заттарын артып, өзгелерге кедергі келтіргені көрсетілген.
Полицейлер тас жолда басқа жүргізушілерге қолайсыздық тудырған жүргізушіні анықтауға бірден кірісті. Содан екі тәулік ішінде жүргізушіні мекен-жайы бойынша тауып ұстады. Жергілікті тұрғын, бұл жайт жылдың басында болғанын айтып, өз кінәсін толық мойындады. Кешірім сұрап, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді.
Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) тіркеліп, хаттама толтырылды.