ШҚО тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Шығыс Қазақстан облысында тергеу изоляторының жедел бөлімі қызметкерлері заңсыз айналымынан атқыш қаруды тәркілеуіне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстарды ашу және алдын алуға бағытталған «Тәртіп орнату» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу уақытында Т. азаматтан, өзінің үйінде қару жарақтарын, ататын құрылғы және пышақты заңсыз түрде сақтауы мүмкін деген ақпарат түскен.
Жасырын орны туралы нақты ақпарат пенитенциарлық жүйесінің жедел бөлімімен алынып өзара іс-қимыл шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы ПД КПБ жолданылған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында аталған Т. азаматтың үйінен жасырын түрде тығылған 5,6 калибрлі авто қаламсапқа ұқсас атқыш құрылғы, сегіз калибрлі «ИЖ» маркалы жаралдыратын пистолет және финдік пышақ тәркіленген.
Осы дерек СДБТР тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық ісі қозғалған (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).
Өз еркімен қаруды тапсыратын тұрғындар, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.