Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының тұрғыны полицейлерге туысын іздеуге көмектескені үшін алғыс айтты

Қостанай облысы Жангелдин ауданының тұрғыны полицейлерге сіңілісін іздеуге көмектескені үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйекте Жангелдин ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Торғай кентінің тұрғыны оның сіңілісінің жоғалып кеткені туралы хабарлады.

Әйел адам полицейлерге туысының 4 қыркүйекте жұмысқа кетіп, оралмағанын айтқан.

Тәртіп сақшылары өңірдегі полиция нарядтарын басшылыққа алды. Бір тәулік ішінде жедел іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы қызды полиция қызметкерлері көрші Амангелді ауданынан тапты. Қыз Байғабыл ауылында құрбысының қасында болған. Белгілі болғандай, үйден кетуіне туыстарымен жанжал себеп болған.

Айшагүл Исмагулова өзінің видео жазбасында полиция қызметкерлеріне туысын іздеуге көмектескені үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру