Мекен-жай анықтамаларының күшін жойғанына байланысты қандай шарттар қолданылады?
Елімізде мекен-жай анықтамаларының күшін жойғанына байланысты қандай шарттар қолданылатыны туралы Аққулы ауданы полицейлері түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Мемлекеттік қызметтер реестріне енгізілген түзетулеріне сәйкес (ҚР Үкіметінің 30.09.2019 ж № 726 қаулысы) 2019 жылдың 1 қарашадан бастап «тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі жойылды, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар, оның ішінде шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері азаматтардан мекен-жай анықтамаларын талап етуге құқылы емес, – деп атап өтті Аққулы ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жандос Айтмұхамбетов.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктері, шетелдік мекемелер мен шетелдік компаниялар арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгертулер туралы, мекен-жай анықтамаларын жою бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.