Алматы облысында полицейлер қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық дерегін ашты
Алматы облысында полицейлер қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қыркүйекте Есік қаласының ауруханасына Түрген ауылының 24 жастағы тұрғыны «іш қуысының травматикалық оқпен жарақаттануы» диагнозымен жеткізілген. Аталған дерек бойынша Талғар ауданының полициясында ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
– Ауруханадан хабарлама алғаннан кейін жедел-тергеу тобы дереу тергеуге кірісті. Бірден Панфилов ауылының 30 жастағы тұрғыны болып табылатын күдікті анықталды. Күдікті түнде бейтаныс жігіттердің оған қарым-қатынасты анықтау үшін орын тағайындағанын айтты. Ол белгіленген уақытта келісілген жерге келіп, өзінің оппоненттері ретінде қате қабылдап қалған екі ер адамды көрген. Конфликт барысында ол, осыдан бір күн бұрын бейтаныс клиентті жеткізгеннен кейін көлігінен тауып алған травматикалық тапаншаны қолданған. Ол біреуді қатты жарақаттағаны туралы хабардар емес екендігін жеткізіп отыр, – дейді Талғар АПБ бастығының орынбасары Андрей Бурьянский.
Полиция қақтығысушы тараптар бір-бірін білмейтін, мұндай айқын емес қылмыстарды ашу өте қиынға соғатынын атап өтті.
– Бұл жағдайда қысқа мерзім ішінде кезекші бөлімнің, тергеушінің, криминалдық полицияның жедел уәкілдерінің, учаскелік инспекторлардың, криминалистердің нақты өзара іс-қимылы оң нәтиже беріп отыр. Барлық конфликт қатысушыларын және тапаншанының шүріппесін басқан азаматты анықтай алдық, – деп толықтырды Андрей Бурьянский.
Қару тәркіленіп, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.