Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жүргізуші куәлігінен айырылған кезекті мас жүргізуші ұсталды

Полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру барысында жүргізуші куәлігінен айырылған және көлік құралын алкогольдік масаң күйде қайта басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 23.30 шамасында Қаратал ауданының Үштөбе қаласындағы патрульдік экипаждың назары 57 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Hyundai Elantra» автокөлігіне ауған. Ол 2019 жылдың 1 қаңтарында автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Бұл дерек ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес тіркеліп, автокөлік айып тұрағына қойылды. Күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Енді ол қылмыстық іс жүргізу тәртібінде өз әрекеттері үшін жауап беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру