Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде

Ақтөбеде осы жылдың 7 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шарасының мақсаты - әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тексеріс жұмыстарын қолға алу, халық арасында жергілікті полиция қызметінің және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату.

- Учаскелік полиция инспекторлары 7 қыркүйектен бастап әкімшілік учаскеде тұратын тұрғындардың пәтерлері мен аулалары бойынша тексеріс жүргізеді. Сонымен қатар, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы есепте тұрған азаматтарды анықтауды, тұрғылықты жері бойынша қаруларды сақтау мен тіркеуді, базарлар мен өзге де сауда орындарын, саяжай алқаптарын, шаруа және фермерлік қожалықтарды, құрылыс объектілерін қадағалауды жүзеге асырады, - деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру