Түнде ақтөбелік әйел адамның ұялы телефонын ұрлап кетті
Ақтөбеде полицейлер тонау фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қыркүйек түнгі уақытта Шернияз көшесіндегі Теңге аллеясында белгісіз ер адам 32 жастағы әйелге күш көрсетіп, «Oppo» маркалы ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткен. Шығын көлемі 70 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері бейнекамералардың көмегімен бұрын сотталған Мұғалжар ауданының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұрланған телефон тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.