Қармақшы ауданында тойханада адамдар жиналып, той тойлағаны анықталды
Қызылорда облысында той ұйымдастырғандар жауапқа тартылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қыркүйек сағат 22:10 шамасында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің және Байқоңыр қалалық прокуратурасының қызметкерлері бірлескен жоспарға сәйкес «Учаске» жедел профилактикалық іс шарасы аясында Қармақшы ауданы Төретам кентінде орналасқан тойхана ішінде адамдар жиналып, Қызылорда облыстық Бас санитарлық дәрігерінің №20 қаулысының, санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы заңнама талаптарын бұзып, яғни қыз ұзату тойын өткізіп жатқанын анықтаған.
Аталған факті бойынша жинақталған тексеріс құжаттар, түпкілікті шешім қабылдауға Қармақшы аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.