Қызылордада үйлену және қыз ұзату тойын жасаған 12 факті анықталды
Қызылордада тойханаларда үйлену және қыз ұзату тойын жасаған 12 факті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың қыркүйек айының 12-13 күні ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, Байқоңыр қалалық прокуратурасының және Төретам кенті, Ақай ауылдық округінің әкімшілігінің қызметкерлерімен бірлескен жоспарға сәйкес «Учаске» жедел профилактикалық іс шарасы аясында Қармақшы ауданы Төретам кенті және Ақай ауылдық округінде орналасқан тойханалар мен тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізіп, яғни үйлену және қыз ұзату тойын жасаған 12 факті анықталды.
Осыған байланысты, Қызылорда облыстық Бас санитарлық дәрігерінің №20 қаулысының, санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін, жинақталған тексеріс құжаттар Қармақшы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.