ШҚО-да мекемеде «Майнд машина» құрылғысымен психорелаксациялық жұмыстар жүргізілді
Шығыс Қазақстан облысының ҚАЖ департаменті ОВ-156/15 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психологтары сотталғандарға арналған оңалту бөлмесінде жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Майнд машина» құрылғысымен психорелаксациялық жұмыстар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өмірде аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жүрген сотталғандардың санасын тезірек сауықтыруға, айналадағы жағдайларға бейімделуге, сондай-ақ олар жасаған құқық бұзушылықтың оның алдағы өміріне кедергі болмас үшін сотталушылар мекемеге келген алғашқы күннен бастап жаза мерзімі аяқталған уақытқа дейін жұмыс істейтін психолог қызметінің рөлі үлкен. Түзеу мекемесіне келген алғашқы күннен сотталғандардың басым көпшілігі, бас бостандығынан айырылуына, қоғамнан оқшаулануына, жанұя, туған-туыстарынан алыстатылуына қатты ойланып, толғанатыны байқалады.
Осындай қиын сәтте темір тордың ар жағындағы азаматтармен мекеме психологтары психологиялық, тәрбиелік бағытта жұмыс жасайды. Сотталғандар арасында жағымды психологиялық климат орнату мақсатында ҚАЖ департаменті ОВ-156/15 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психологтары сотталғандарға арналған оңалту бөлмесінде жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Майнд машина» құрылғысымен психорелаксациялық жұмыс, психокоррекциялық және де психодиагностикалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты қасақана немесе жазатайым жағдайда ауыр қылмысқа барып, өкінішпен күйзеліске түскен немесе өз-өзіне қол жұмсауға бейімді жаза мерзімін өтеушілерге психологиялық көмек көрсете отырып, олардың өмір сүруге деген құлшынысын арттыру.
– Осылай сотталғандарды бірнеше мәрте жеке қабылдау жүргізудің нәтижесінде, көзқарасы өзгереді. Мінезі өзгеріп, өзін жақсы жағынан көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға араласа бастайды. Осылайша, психологтар көмегінің нәтижесінде, олар өмірге құлшыныстары артып, болашаққа сеніммен қарайды. Оларға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіп, отбасыларына аман-есен оралуына көмек көрсетуіміз керек, – дейді департамент бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.