ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері Семей қаласындағы жалғыз басты анаға көмек қолын созды
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері Семей қаласындағы жалғыз басты анаға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанда Отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Биыл атаулы мейрам қыркүйек айының 13-не келіп отыр.
Айгүл есімді жас ана бүгінде бес ұл баланы тәрбиелеп өсіруде. Тұңғыш баласы сал ауруына шалдыққан жасы 14 жаста болса, кішісі 1,5 жаста.
Былтыр жол апатынан жолдасы бақилық болды. Содан бері балаларын өзі жалғыз тәрбиелеуде.
Мекеме қызметкерлері арнайы жанұяны отбасы мерекесімен құттықтап, азық-түлік алып келген болатын.
– Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Келешекте балалардың денсаулығы мықты болғанын қалаймыз. Болашақта балалар полиция мамандығын таңдайды деп үміттенеміз, – деді мекеме бастығы Р.Жумажанов.