Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан жолаушы көз жұмды

Ақтөбеде облысының автожолында жол-көлік апатынан оқиға орнында жолаушы әйел көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізілген алдын алу іс-шараларына қарамастан қала сыртындағы жолдарда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары орын алуда.

11 қыркүйек күні сағат 17.10-да «Ақтөбе-Астрахань» автожолының 31 шақырымында, Алға ауданы Бестамақ ауылының маңында «Деу-Нексия» маркалы автомашинаның 32 жастағы жүргізушісі Алға қаласы жағынан Бестамақ кенті бағытында келе жатып, қарсы бағытқа шығып, Алға қаласы тұрғынының басқаруындағы «Фольцваген-Пассат» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

ЖКО салдарынан «Деу-Нексия» автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушысы Алға қаласының ОАА-на жатқызылды, 39 жастағы әйел жолаушы алған жарақаттарынан ЖКО орнында қайтыс болды.

ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Осыған байланысты Полиция департаменті автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау, белгіленген жылдамдықты, қозғалыс аралығын сақтау және негізсіз маневрлермен күрт тежеуді болдырмау қажеттілігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру