Алматы полициясы шетелдіктердің Қазақстанда болу рұқсатын ұзарту тәртібін түсіндірді
Алматы полициясы шетелдіктердің Қазақстанда болу рұқсатын ұзарту тәртібін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі #574 қаулысына сәйкес, қолданылу мерзімі аяқталған немесе 2020 жылдың 16 наурызы мен 1 қарашасы аралығында аяқталатын құжаттар жарамды деп танылады:
– жеке басын куәландыратын құжаттар,
– Қазақстан Республикасының визалары,
– уақытша және тұрақты тұруға рұқсат,
– еңбек иммигранты мен жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
– баспанасы бар адамның куәлігі.
– Қазақстан Республикасында рұқсат етілген болу мерзімі визаны талап етпейтін тәртіппен келген, құжаттарды қабылдау мерзіміне, оны тіркеуге алу мерзімін ескермей, еңбекке рұқсат беру, қайта ресімдеу (созу) туралы өтініш беруге құқығы бар шетелдіктер үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы шешім қабылданғандарға да қатысты ұзартылды, 2020 жылдың 16 наурызынан 2020 жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде уақыты өтіп кеткендер. 2020 жылдың 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және қазіргі уақытта шетелде жүрген шетелдіктердің Қазақстаннан тыс болу мерзімі тоқтатылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сонымен қатар, полиция, шетелдік жұмыс күшін тартуға және пайдалануға рұқсат алған жұмыс берушілер 2020 жылдың 1 қарашасына дейін өз қызметкерлерінің болу мерзімін (визасын) ұзартуға өтініш беруге құқылы екенін атап өтті. Виза шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның келуінің мәлімделген мақсатына қойылатын талаптарды ескерусіз беріледі.
– Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және азаматтығы бар елден құжаттарды ұсына алмайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер негіздер болса, отбасын біріктіру туралы өтініш беруге құқылы. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтығы бар елдің құзыретті органдарынан алған, мерзімі 2020 жылы 16 наурызы мен 2020 жылғы 31 қазан аралығында аяқталған немесе аяқталатын құжаттар 2020 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстан Республикасында тұруға қайта тіркеуге өтініш беру үшін жарамды деп танылады, – деп қорытындылады полковник Бутунчинов.
Сондай-ақ, көші-қон қызметі, қазіргі уақытта Алматы қаласының барлық халыққа қызмет көрсететін Орталықтарында пилоттық режимде «Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік қызметі жүргізіліп жатқанын нақтылады.