Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан 5 жасар бала көз жұмды
Ақтөбеде жүк көлігі бес жасар баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қыркүйекте «КАМАЗ-65115» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі М. Жұмабаев көшесімен Мехколонна көшесі бағытында келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен жолдың тыс жүру бөлігін кесіп өткен кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес жасар бала алған жарақатынан, оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.