Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірімдер тәртібі – басты назарда

Қызылорда облысы ПД-нің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын –алуда, ескерту мақсатында жұмыстарды жүзеге асырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында аудандық білім бөлімімен, прокуратурамен бірлесіп “Түнгі Жалағаш”, “Жасөспірім”, “Стоп қылмыс” атты рейдттік іс шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде жыл басынан жасөспірімдер арасында бір де бір қылмыс орын алмаған (былтыр – бес қылмыс).

Кент орталығында патрульді полиция бекеттері бөлінген бағыттарында жастар мен жасөспірімдердің қандай да болмасын топтарының шоғырланып, көзге түсіп, топтасып төбелесуге бейімділігі байқалатын жағдайды анықтау, ыдырату мақсатында жұмыстар атқарылуда. Бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесіне аудан көлемінде ондай келеңсіз оқиғаларға жол берілген жоқ. Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп, отбасы және ювеналды полицейлер серіктестер екендігін атап өтіп, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева ризашылығын білдіруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру