Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшысы автокөлік иесіне көмектесті

Бағдаршам алдында автокөлігі бұзылып қалған жүргізушіге полиция қызметкері көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі “Instagram”парақшасына оқырманымыз тосынан түсірілген видео жазба жіберді. Куәгердің сөзінше тәртіп сақшысы қала орталығындағы көшелердің бірінде жол қозғалысана кедергі келтіріп тұрған автокөлікті жол жиегіне шығаруға атсалысқан. Видео авторы осындай сәтте жәрдем берген сала қызметкеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру