Қолайсыз отбасыларды учаскелік полиция инспекторлары назардан тыс қалдырмайды
Атырау қалалық Полиция басқармасының есебінде тұратын қолайсыз отбасылар учаскелік полиция инспекторларының назарынан тыс қалмады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұндай отбасылар мекенжайларынан тексеріліп, әрбір мүшелерімен полиция инспекторлары әңгімелесулер жүргізуде.
Қала тұрғыны А.Галиева ІІО-ның қолайсыз отбасы есебінде 2017 жылдан бері есепте тұрады. Атырау ҚПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен бұл отбасына қатысты құжаттар жинақталып, Атырау облысы әкімі жанындағы комиссия отырысына жолданды.
Жақында комиссияның кезекті отырыс шешімімен А.Ғалиеваның отбасына ақшалай көмек бөлінді.