Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторында мас күйінде көлік басқарған қылмыскерлер саны күн санап артуда

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департементіне қарасты ИЧ 167/11 тергеу изоляторында мас күйінде көлік басқарған қылмыскерлер саны күн санап артуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде көлікті мас күйде басқарған құқық бұзушылардың жауапкершілігін қатаңдату шаралары қабылданғаны белгілі.

2019 жылғы 27 желтоқсанда Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізді және мас күйінде көлік құралын басқарған адамдардың, егер олар бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған болса, олардың жауапкершілігін күшейтті. Енді осындай қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жазаның күшейтілуі көлікті мас күйде басқарудан бас тартпай отырған құқық бұзушылықтарға бағытталған. Алайда қазіргі таңда Шымкент қаласының тергеу изоляторында жыл басынан бері мас күйде рөлге отырған 85 адам болған, оның 52-сі жаза өтеу орындарына жолданылған, ал қалғандары тергеу үстінде.

Жүргізушінің мас күйде көлік басқарғаны үшін жазасын қатаңдату азаматтардың қауіпсіздігін, тұрғындардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін жасалғанын дұрыс түсінуіміз қажет. Масаң күйде көлік басқарған адамдарды құқық қорғау органдары бірде біліп, бірде білмей жатыр, дегенмен бұл әрекеттің артында адам өмірі, үміті, тағдыры тұрғанын ұмытпағанымыз жөн.

Алкогольді ішімдік ішкен адам бейнебақылау камерасы түгілі, полицейлердің белгісін де елемейді, сол себепті ащы суды ішіп, көлік жүргізбеген жөн. Ал темір торға қамалған адамдар істеген іс-әрекеттері үшін қатты өкінуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру