Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандарды басқа мекемеге ауыстыру – бұйрық арқылы орындалады

Сотталғандардың басқа мекемеге «әлеуметтік пайдалы байланыста» болуы үшін ауыстырылуы ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің жазбаша бұйрығы арқылы орындалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО Өскемен қаласының ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінде айыпталушылар, сотталушылар мен бас бостандығынан айырылғандар қамауда отыр.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарынан басқа да қылмыстық жауапқа тартылғандар және бас бостандығынан айырылып, сотталған басқа да облыстардың тұрғындары бар.

Сотталғандардың басқа мекемеге «әлеуметтік пайдалы байланыста» болуы үшін ауыстырылуы ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің жазбаша бұйрығы арқылы орындалады. Ауыстырылу жөніндегі сұрақ сотталғанның не сотталғандардың туыстарының жазбаша жазған арызы бойынша қарастырылады.

– Осы жылдың басынан бастап ШҚО ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінен «әлеуметтік пайдалы байланыста» болуына байланысты 12 сотталғанның құжаттары жолданған. Осы бұйрықтың арқасында ОВ 156/1 мекемесінен бас бостандығынан айырылып, үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, осы  ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің бұйрығына сәйкес өзінің тұрғылықты жеріне ҚАЖ мекемесіне жазасын өтеуге жөнелтілді, – дейді мекеменің арнайы есеп бөлімінің бастығы Жәнібек Сейтказинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру