Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды

Шымкентте жұмысшы мен жұмыс беруші арасында туындаған жанжал салдарының нәтижесі пышақ жарақатымен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні шамамен сағат 20:00-де Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының «102» сымтетігіне қаладағы май ауыстыру бекеттердің бірінің маңында белгісіз адамның дене жарақатын алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жанжал туындағаны анықталған. Кикілжің біреуі құрылыс аппаратын қайтаруын, ал екіншісі жұмыс ақысын талап етуден басталған. Қос тарап арасындағы жанжал барысында жұмыс берушімен бірге кездесуге келген 1997 жылы туған досы пышақ жарақатын алып, алған дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚКнің 106-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері күдікті азаматты ұстап, қамады. Ол 1997 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны. Оқиға орнынан анықталған пышақ іс материалдарына айғақты зат ретінде тіркеліп, қамауға алынған күдікті өз кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру