Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пандемия кезіндегі белсенді қызметі үшін полиция қызметінің дәрігерлері Гиппократ медалімен марапатталды

Пандемия кезіндегі белсенді қызметі үшін полиция қызметінің дәрігерлері Гиппократ медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйегінде Алматы облысы Полиция департаменті мен Ұлттық ұлан ардагерлер Кеңесі Президиумының шешімімен коронавирус пандемиясы кезеңіндегі белсенді қызметі үшін Алматы облысы Полиция департаменті госпиталі мен емханасының медицина қызметкерлері марапатталды. «Гиппократ» медальдары госпиталь және емхана меңгерушісі Андосова Дана Әбілмәжінқызы, стационар меңгерушісі Алпысов Ислам Ермекұлы, терапевт Танкакова Баян Балтабекқызы және Белгібаева Манай Төлепбекқызы, хирург Мужикова Флюра Сәдуақасқызы, стоматолог Хисматуллин Рафаэль Құрманғалиұлына табысталды. Орта медициналық персонал да назардан тыс қалған жоқ. Оларға материалдық көмек көрсетілді.

Марапатты табыс еткен ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Кужаков карантиндегі қиын кезеңде денсаулықтары мен күш-жігерлерін аямай, денсаулық сақтау ісінде еңбек етіп келе жатқан дәрігерлердің қызметте батылдық көрсеткенін атап өтті. Олардың қатарында індетті өз басынан өткергендер де бар. Біздің дәрігерлер вирустың жеке құрам, зейнеткерлер және олардың отбасы мүшелері арасында жаппай таралуына жол бермеді. Осыған байланысты ардагерлер ұйымы естелік медалін әзірледі, бекітті және тапсырды. Медальдің алдыңғы жағында Гиппократтың өзі бейнеленген, ал оның артқы жағында дәрігердің мінез-құлқының негізгі моральдық-этикалық принциптерін білдіретін сөздер жазылған: «Мен қай үйге кірсем де, мен ең алдымен науқастың пайдасы үшін кіремін». Бұл медаль алдағы уақытта марапатталғандар мен олардың жақындарына полиция қызметкерлерінің, зейнеткерлер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығы үшін күрестегі медицина қызметкерлерінің игілікті еңбегі туралы еске салатын болады.

– Бүгінгі таңда емхананы есепке алғанда 24 мыңнан астам адам қамтылған. Олардың қатарында полиция, ҚАЖД, Ұлттық ұлан, өртке қарсы қызмет, АКҚБ,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, прокуратура қызметкерлері, зейнеткерлер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері бар. Жыл сайын Алматы облысы ПД госпиталі мен емханасы базасында стационарлық көмекті 850-ден 900-ге дейінгі науқас алады, – дейді Болат Кужаков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру