Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы саласында 1 536 бұзушылық анықталды

Ақтөбелік полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібін жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 22-24 қыркүйек аралығында жол қозғалысындағы «өрескел» құқықбұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жол қозғалысы саласында 1 536 бұзушылық анықталды. Оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығы ережелерін бұзғаны үшін 327 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 15 фактісі, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу 18 дерек тіркелді, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін 75 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды, жол-қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 229 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, авариялық жағдай жасаудың 14 фактісі анықталды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР жол қозғалыс ережелерін сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру