Бөтеннің пәтерін жалға берген алаяқтың әрекеті әшкереленді
Қарағанды полицейлері біреудің пәтерін жалға берген адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қыркүйекте Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-шығыс ПБ-не 31 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Арызында әйел таныстарына қалада пәтер жалдау ниеті туралы түсіндірді. Интернетте көрсетілген бірнеше мекенжайлар бойынша қонырау шалды. Бірақ қажетті пәтер табылмады. Біраз уақыттан соң онымен белгісіз азамат хабарласып, әйелге ұнайтындай ұсыныс жасады.
Мобильді қосымша арқылы 45 мың теңгені аударған әйел, берілген мекенжайды тексеруді жөн көрді. Пәтерде, жалға беру ойлары жоқ иелері қарсы алды.
Ізін суытпай полиция қызметкерелері күдіктінің тұлғасын анықтады. 42 жастағы азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілді.