Петропавл қаласының тұрғыны интернеттегі алдаудың шырмауына түсті
Петропавл қаласының тұрғыны Интернеттегі алдаудың шырмауына түсіп, 40 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Youtube-тегі видео-хостингтен облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны әлеуметтік желілерде жеке деректердің таралғаны үшін ақшалай өтемақы алу туралы нұсқаулықты көреді.
– Сіз 15 минут ішінде 50-ден 1500 долларға дейін аласыз, төлемдер 2020 жылғы 11-31 қыркүйек аралығында кез-келген карточкаға түседі, төлем ресейлік рубльмен жүзеге асырылады, – деп жеке деректерді қорғау жөніндегі қорданбыз деп көрсеткен сайтта жазған.
Осы арнада жарияланған жаңалықтар видеосы, тіпті посттың астына орналастырылған пікірлер шынайылық туғызады.
Сілтемедегі нұсқаулықтан өткеннен кейін петропавлдық өзінің жеке деректерін мәліметтердің таралуын, сондай-ақ қаражат түседі деп болжанған банк картасының деректемелерін тексеру үшін берілген нысанға енгізген. Біраз уақыттан кейін ол карточкасынан қаражат алынғанын анықтаған. Ер адам арызымен Петропавл қаласы ПБ Бірінші полиция бөліміне жүгінген. Жедел уәкілдердің айтуынша, бұл алаяқтықтың жаңа түрі ойластырылған және техникалық жағынан мүлтіксіз орындалған.
– Қандай жағдай болмасын сіз жеке деректеріңізбен немесе құпия мәліметтеріңізбен, оның ішінде банктік картаның пин-коды, шот нөмірі, әлеуметтік желілердегі парақтардың логині мен паролі, банктік картаның артында орналасқан CVV/CVC-кодты ешкіммен бөліспеңіз. «Olx», «Kolesa.kz» және «Instagram» сайттарындағы жарнамаларды нақтырақ тексеріп алыңыз. Егер сізге қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған болса, онда жеке мәліметтеріңізді берудің орнына, банктің жақын жердегі бөлімшесіне барыңыз, – деп солтүстікқазақстандықтарды СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов ескертеді.
Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 288 фактісі тіркелді.