Қарағандыда зейнеткердің карточкасын ұрлап әкеткен жас жігіт ұсталды
Қарағандылық полицейлер зейнеткердің үйін тонаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қыркүйекте Қарағанды қаласының Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне жер үйде тұратын 68 жастағы зейнеткер жарты сағатқа көршісінің үйіне кеткенде белгісіз біреулердің үйіне терезеден кіріп, банк карточкасын ұрлап әкеткені, арада біршама уақыт өткенде карточкадан 55 мың теңге шешіп алғаны туралы шағымданған.
5 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азаматты ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.