Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ірі көлемдегі ақша қаражатын талан-таражға салу фактісі анықталды

Жезқазғандық тұрғын бір миллионнан астам ақшаны заңсыз жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қаласы Полиция басқармасына жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 45 жастағы директоры белгісіз біреулердің оның фирмасына 1 миллион теңгеден астам шығын келтіргені туралы арызданған. 

Полиция қызметкерлері осы қылмысты ашу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысты жасауға күдікті ретінде фирмада жұмыс істейтін 34 жастағы азаматшаны анықтады.Тергеу барысында оның жеке басында материалдық  қиындықтары болғаны, сондықтан фирманың есепшотынан 1 миллионнан астам қаражат шешіп алғандығы және материалдық қиындықтары шешілгеннен кейін ақшаны ешкімге білдірмей орнына қоюды жоспарлағаны белгілі болды.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабына (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру