Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

22 жыл бұрынғы қылмыс: жезқазғандық полицейлер қарақшыны анықтады

Жезқазғандық полицейлер 22 жыл бұрынғы қарақшылық шабуылды ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1998 жылғы 15 желтоқсанда 37 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-не жүгінді. Қала дүкендерінің бірінде сатушы болып жұмыс істеген әйел түске таман белгісіз ер адам сауда нүктесіне кіріп, пышақпен қорқытып 1 100 теңге көлеміндегі қаражатты алып кеткені туралы айтып шағымданған.

Қарақшылық фактісі бойынша Жезқазған қаласының ПБ-ның тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 1999 жылдың 17 ақпанында үзіліп, ағымдағы жылдың 31 мамырында жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта жалғасты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері қарақшылық жасады деген күдікпен 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол өз ісін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру