Тергеу изоляторында отырған азаматтарға екпе салынды
Атыраулық тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен тергеуге қамалған азаматтарға тұмауға қарсы екпе салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/1 мекемеcінде отырған күдіктілер мен жазасын өтеуге қалдырылған тұлғаларды тұмаудың алдын алу мақсатында жаппай вакцинациялау жүргізілуде. Вакцинаның тек келісім берген күдікті мен жазасын өтеушіге ғана салынатынын айта өту керек.
«Басты мақсатымыз – тұмаудың алдын алу болып табылады. Өйткені күз мезгілі жұқпалы аурулар өршіп, вирустың белең алатын кезеңі»,- дейді мекеме дәрігері Рамила Куншигарова.
Бүгінгі таңда 100-ден астам күдікті азаматқа екпе салынды.