Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды

Қарағанды облысында жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан жүргізушіні «Газель» көлігі қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазан күні 38 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Нұр-Сұлтан қаласына қарай кетіп бара жатып, Теміртау қаласының маңында абайсызда 58 жастағы азаматты қағып кетті.

Жәбірленуші жол жиегінде өзінің жүк көлігін жөндеп жатқан.

Жол – көлік оқиғасы салдарынан  58 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру