Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының ПД қызметкері мемлекеттік тілді білу байқауының қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінді

Қостанай облысының ПД қызметкері  Кира Гартман «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауда екінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Конкурс Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы бойынша онлайн режимде өткізілді, оған мемлекеттік қызметтегі өзге ұлт өкілдері қатысты. Байқауда 17 үміткер бақ сынады.

Қостанай облысының Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының инженері Кира Гартман ішкі істер органдарында 2019 жылдан бастап жұмыс істейді.

Байқауда Кира қазақ халқының ұлы ойшылы Абай өлеңдерін жатқа оқып, қазылар алқасын тәнті етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру