Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында көлігімен адам қаққан жүргізуші ұсталды

Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы-Өскемен автожолының 231 шақырымында сағат 23.40 шамасында Кербұлақ ауданының 41 жастағы тұрғынын белгісіз көлік қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шеккен адам оқиға орнында есін жимастан қаза тапты.

«Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде апат орнынан қашып кеткен оңтүстік астананың 46 жастағы тұрғыны болып табылатын жүргізуші Алматы қаласынан анықталып, ұсталды. Оның жеке үйінің ауласынан жаяу жүргіншіні қағып кетуге тән іздері бар Ваз -21102 автокөлігі табылды, күдікті азамат  адам қаққанын мойындады. Ол өзінің оқиға орнынан қашып кетуін қорқыныш салдарынан деп түсіндірді. Ол өзін ешкім таба алмайды деп ойлаған, себебі жол апаты түнде болып, ол жақын маңнан өзге адамдарды көрмеген»,- дейді Көксу ауданының ПБ бастығы Рамиль Гимадиев.

Аудандық криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнында қалған көліктің бөлшектері арқылы  күдіктіні тез тауып, ұстады.

 

 

Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, автокөлік сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабының 1-бөлігі (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру