100 жастағы әжей полиция қызметкерлеріне алғыс айтты
Түркістан облысында 100 жастағы әжей полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Нұрман Шыңғысбаев жергілікті тұрғын, 100 жастағы тыл ардагері Вера Стрюковскаяның үйіне барып, төлқұжатын қайта рәсімдеуге көмек берді.
Ардагер әжеміз полиция қызметкерлерінің адал еңбектеріне өз ризашылығын білдірді. Тәртіп сақшыларының қызметтеріне әжейдің ұлы да алғыс айтты.
– Барша Түлкібас ауданының полицейлеріне үлкен рақмет. Осындай карантин режиміне байланысты анамыздың төлқұжатын үйімізге келіп, көмек бергендері үшін. Полиция қызметкерлеріне отбасымызбен шын жүректен риясыз көңілімізді жеткіземіз.
Осы орайда айта кететін жайт, Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері карантин режиміне қарамастан барша тұрғындарға әрқашан көмек беруге дайын. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тәртіп сақшылары үнемі жалғастыратын болады.