Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Арызданушы азаматша өзіне бейтаныс әйелдің тестілеуден өткізіп беремін деп алдап, алаяқтық жолмен 140 мың теңгесін алғанын айтады. Жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Аталған қылмыстық іспен Сарыағаш АПБ учаскелік полиция инспекторы Батыр Орынбеков пен криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Дінмұхаммед Тұрарбек айналысты. Олар жедел іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде күдікті тез арада анықталып, ұсталды. Ұсталған күдікті Отырар ауданының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ ол бұрын алаяқтық ісі үшін сотты болған.
Тергеу жүргізіліп жатқанда, күдіктіге қатысты тағы да екі тұрғын арызданды. Олардың да арызы алаяқтық бабымен тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 600 мың теңгеге жуық.

Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Бас шарасы “Ешқайда кетпеу” туралы міндеттемеде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуды ескертеді. Таныс емес адамдарға мүліктеріңізді, жеке мәліметтеріңізді, банк шоттарының кодтарын және басқа да ақпараттарды бермеңіз.

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру