Ақтөбелік көршісінің сарайынан тосап ұрлап кетті
Ақтөбеде көрші сарайдан ер адам тосап банкаларын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қазан күні 54 жастағы ақтөбелік Кисилев көшесінің бойындағы сарайға кіріп, 61 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі 20 банка тұздалған қияр мен тосаптарды ұрлаған. Шығын көлемі 15 мың теңгені құрады. Полицейлер күдіктіні ұстап, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтардан есіктер, құлыптар мен дабыл жүйелерін орнату арқылы сақтық шараларын қабылдауды сұрайды. Пәтерден қысқа уақытқа шыққан сәтте де есіктерді құлыптап жүрулеріңіз қажет.