Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аккумулятор ұрысы ұсталды

Түркістан облысының полицейлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу көше бойында тұрған «КамАЗ» маркалы жүк көлігінің аккумуляторын жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 108 мың теңгені құрайды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Содан соң тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел іздестіру тобы құрылып, күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын анықтауға кірісті. Сайрам АПБ-ның қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Сонымен қатар полицейлер күдіктіні тұрғылықты үйінен қолға түсірді. Одан бөлек полиция қызметкерлері осындай ұрлық бойынша яғни, тағы екі автокөліктің аккумуляторын ұрлағанын анықтады. Күдікті қолды болған заттарды сатып, ақшасын бас пайдасына жұмсамақ болған. Айғақты зат ретінде ұрланған заттар заңды иелеріне қайтарылды. Тәртіп сақшылары орын алған оқиға бойынша қазіргі таңда тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ, автокөліктердің есіктері мен терезелерін ұзақ уақыт ашық тастамаңыз. Автокөлікті күзетілетін тұрақтарға қойып, оларды күзет дабылымен жарақтандырыңыз. Егер сіз, автокөлік ұрлығының немесе басқа да қылмыстардың құрбаны не куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру