Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда

Түркістан облысының полицейлері “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 7 қыркүйектен бастап Түркістан облысының аумағында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы басталған болатын. Іс-шараның мақсаты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, полиция мәртебесін көтеру мен халықпен тығыз қарым-қатынас орнату.

“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердің аулаларын және пәтерлерді аралайды, базарлар мен сауда орындарын, саяжай алқаптарын, құрылыс объектілерін, жертөлелерді және қараусыз қалған басқа да орындарды тексереді. Айта кетсек, Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Ж.Мырзагелді Қазығұрт ауданында орналасқан барлық жалдамалы пәтер беретін азамат пен азаматшаларға Республика көлемінде “Учаске” іс-шарасы өтуіне байланысты тұрғындарға жеке-жеке ескертіп, елемеген жағдайда әкімшілік хаттама толтыратыны жайында ескертілді.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері облыс тұрғындарынан ең алдымен қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қолдауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру