Қызылордада діни экстремизмнің алдын алу бойынша шаралар қабылдануда
Қызылордада жыл басынан бері деструктивті діни ағымдардың ұстанушылары жасаған 59 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында экстремистік сипаттағы алты қылмысты, атап айтқан әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырудың үш фактісін, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырудың бір фактісін, қоғамдық не діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешімінен кейін олардың қызметін ұйымдастыру және оған қатысудың екі фактісін анықтады.
Сонымен қатар деструктивті діни ағым ұстанушыларына қатысты алаяқтық, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бойынша екі дерек тіркелді.
Бұдан басқа Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті діни ағым ұстанушысының қаруды сақтау ережелерін бұзғаны анықталды. Оған қатысты тиісті шаралар қабылданып, қаруы тәркіленді.
2020 жылдың 10 айында деструктивті діни ағым ұстанушылары жасаған 59 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мысалы, жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Қызылорда қаласы Қазбек би мен Қорқыт ата көшелерінің қиылысында орналасқан бутик ішінен сатылымда тұрған діни атрибутикалық заттар мен басылымдар алынды. Аталған дерек бойынша тағайындалған сараптама қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.