Жеңілдікпен азық-түлік әперді
Жамбыл облысында пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға көмек көрсетілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрар Рысқұлов аудандық пробация қызметі еріктілермен "Әліби" жеке кәсіпкерлігінің қолдауымен бірге қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, есептегі тұлғаларға жеңілдікпен азық-түлік алуға қол ұшын созды.
Аудан орталығындағы "Шаңырақ" дүкенінен 30 пайыздық жеңілдікпен сатып алынған азық-түліктерді иемденген тұрмыс жағдайы төмен есепте тұратын азаматтар жомарт жандарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.