Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда жол күтіміне салғырт қараған 126 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Республикалық маңызы бар автожолдарды тиісті дәрежеде күтіп ұстамағаны үшін Қостанай облысының бірнеше лауазымды қызметкері әкімшілік жауапкершілікке  тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревскийдің айтуынша, жолдағы қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында облыстың автожолдарына рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп отырады.

2020 жылдың 10 айында облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімшелері жалпы қолданыстағы автожолдарға 1 255 тексеру жүргізді.

Арнайы топ 17 мың шақырымнан астам жолдың сапасын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті органдарға 1 473 ұйғарым жіберілді.

Жол күтіміне салғырт қараған 126 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 3,5 млн теңгені құрады.

Мысалы, М-36 Екатеринбург-Алматы халықаралық маңызы бар автожолына  қойылған жол белгілері ҚР СТ 2607-2017 стандартына сәйкес келмейді. Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін осы учаскедегі жұмыстарды жүзеге асыратын лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, оған  30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру